Біздің филиалдар
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты

ЖЖФЗ сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт болып табылады, Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашық-тықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл тауының солтүстік етегіне орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар.

Кәсіпорын құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:

  • үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;
  • құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі;
  • екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқылы өндірісі;
  • төрт технологиялық желісі бар техникалық натрий үшполифосфаты өндірісі;
  • бір технологиялық желісі бар техникалық натрий гексаметафосфаты өндірісі;
  • түйіршіктелген термофосфор қожын шығару;
  • феррофосфор шығару;
  • техникалық түйіршіктелген натрий үшполифосфатын шығару;
  • азықтық ортофосфор қышқалын шығару;
  • азықтық натрий үшполифосфатын шығару.

   Кәсіпорында жаһандық тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфорит шикі-затының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген. Филиал баяу гидрат-талатын НҮПФ шығаруды игерді. Сары фосфорды өндіру кезінде пеште пайда болатын балқыған өнімдерден – қож бен феррофосфор алынады.
   Түйіршіктелген қож жол салу құрылысы мен цемент шығару өндірісінде қолда-нылады.
  Зауыт шығаратын феррофосфордың 4 түрі отандық металлургияда кең қолданы-лады және өзге елдерге экспортталынады.

  Фосфор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылады: сіріңке өндірісінде, шойын мен болатқа қосу үшін металлургияда, мата, пластмасса, ағашқа отқа қарсы төзімділік беру үшін химия өнеркәсібінде, бұрғы сұйықтықтарын, тіс пастасын, көптеген тағамдық және фармацевтикалық препараттар алу үшін қолданылады. Фосфор қосылыстары фосфорорганикалық қосылыстар (тиофос, кар-бофос, т.б.) өндірісінде де үлкен қолданысқа ие.

  ЖЖФЗ филиалында шығарылған сары фосфор жоғары сапасы үшін беделді халықаралық жүлделермен марапатталды:

  • «Еуропалық Арка» ‒ Испанияның кәсіпшілері мен бизнесмендері қауымдастығы;
  • «Гауһар Жұлдыз» ‒ Мексика.
  • «Алтын глобус» ‒ Копенгаген, Дания.
  • «Химия—2009» 15-Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен «Пластмасс индустриясы» атты 10-Халықаралық арнаулы көрмеде натрий үшполифосфатының сапасы үшін алған Алтын медаль.
  • «Химия—2009» 15-Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен «Пластмасс индустри-ясы» атты 10-Халықаралық арнаулы көрмеде термиялық ортофосфор сапасы үшін алған Қола медаль.

Скобелев Евгений Александрович

Скобелев Евгений Александрович

«Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиал директоры