Біздің филиалдар
Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты

Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты

"Казфосфат" ЖШС Шымкент филиалы 2000 жылдың шілдесінде құрылды. Не-гізгі жұмысы синтетикалық жуғыш заттар өндірісі. 

            Құрылу тарихы: Аумағы 4,238 га болатын Синтетикалық жуғыш заттар өндірісі 1978 жылы Шымкент фосфор тұздары зауытының өндірістік алаңында салынып, іске қо-сылды. Басты жобалаушысы Қазақ ғылыми-зерттеу және фосфор өнеркәсібінің жобалау институты болып табылады. Өндірістің жобалық қуаты жылына 60 мың тонналық синте-тикалық жуғыш заттарды құрады. 1984 жылдың ақпанынан бастап жылына олардың:10 мың тоннасын ірі қапшықтарға салып бөлшектеп өлшеуге , ал 50 мың тоннасын шағын қорап-тарға салып бөлшектеп өлшеуге қол жеткізді. Тоқтаусыз жұмыс істеген аралықта, 80-жылдардың ая-ғы мен 90-жылдардың басында кәсіпорын өзіне пайда әкелген «Салтанат», «Эра-А», «Сла-вянка», «Лотос» синтетикалық жуғыш заттары (әрі қарай СЖЗ) өндірісін игерді. 1995 жылдан бастап, жекелеген шикізаттар мен айналымға салар өндірістік жабдықтардың жетіспеуі салдарынан тоқтатылды.

              2000 жылдың мамырында ұзаққа созылған іркілістен кейін оны қайта іске қосу мақсатында "Казфосфат" ЖШС сатып алды. СЖЗ өндірісінің базасында негізінен мине-ралды шикізаттарды өңдеп, түрлі өнеркәсіп өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар шы-ғаратын компания филиалы құрылды.

              Жабдықтарының ұзақ уақыт іркілісте болғандығы ескеріліп, 2000—2003 жылдар аралығында төмендегі мәселелерді шешетін кешенді жұмыстар жүргізілді:

  • Екі ДЕ 16/14 қазаны бар қазандықтың жеке бөліктері сатып алынып, құрас-тырылды.
  • Екі 1 вв 40/9 компрессоры бар копрессорлық құрылым сатып алынып, құрас-тырылды.
  • Сумен жабдықтайтын ұңғыма бұрғыланды.
  • Шымкент ГРС-4-нен филиалдың тұтыну нүктесіне дейін тартылған жоғарғы қы-сымды газ құбыры ішінара қайта құрастырылды.
  • Филиалдың электрожабдықтары қайта қалпына келтірілді.
  • Ішінара: тартып үрлеу және сорғыш сипаттағы, дозалап-мөлшерлеуші және транспортер шаруашылығын толымдаушы құрал-жабдықтар түрі сатып алынып, құрасты-рылды.
  • Ішінара жөндеу жұмыстарына қажет құрал-жабдықтар мен материалдық сай-мандар сатып алынды.
  • Ішінара өндірістік корпустар мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарға қатысты ке-шенді құрылыс жұмыстары жүргізілді. 

    2004 жылдың қаңтарынан бастап филиалды іске қосуға бағытталған жұмыстарды қаржыландыру тоқтатылып, құрал-жабдықтар ұзақ мерзімдік сақтауға алынды, жөндеу жұмыстарын жүргізуші және басқарушы құрам толық қысқартылды.

Қазір онда тек фили-ал мен бірқатар субабоненттерді электр қуатымен қамтамасыз ететін БТШС ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар келісім-шартпен субабоненттерге пайдалануға берілген ішкі те-міржол қатынастары да қолданыста. СЖЗ шығаратын негізгі өндіріс жұмыс істемейді.

Баекенов  Малік  Абдрахманұлы

Баекенов Малік Абдрахманұлы

«Синтетикалық жуғыш заттар зауыты» Шымкент филиалының директоры