Новости

Ақ халаттылар мерекесі

Кәсәібі мейрам

Ия, медиктер күні ерекше. Зауытымыздың медиктерсіз ешбір ісі бітпесі айқын. Олар күнде таңертең еңбекші қауымды медициналық көзқарастағы тексеруден өткізеді, яғни алкогольсіздігіне көз жеткізіп, әрбірінің қан қысымын байқап, еңбекке қабылеттілігіне көз жүгіртеді. Қайғылы жағдай бола қалса, тез арада көмек қолын созатында осылар. Зауыттықтардың бар тілегі медицина қызметкерлері тыныш отырса дейді, ол дегеніміз олар тыныш болса зауытта ешқандай төтенше жағдай болмағаны – деп, кез-келгеніміз ұғынамыз. Сондықтан олар зауыт көлемінде тыныш отырса жағдай жақсы, бәрі аман дегенді білдіреді. Медицина қызметкерлерінің күнін немесе медиктер күні, Қазақстанда жыл сайын маусым айында атап өтіледі. Әлемде жауапкершілгі мол, аса мақтаулы мамандық ол-дәрігер. Денсаулықты сақтауға, тіршілікке жаңа өмір әкелуге қол ұшын беретін адамдар әр уақытта ерекше сый-құрметке ие. Ақ халаттылар құрмет туғызады. Олар адам өмірін сақтап, өмірмен үйлеспейтін ауыр ауруларды да жазып жатады. Бұл кәсіби мерекеде зауыт көлемінде жұмыс атқарып жүрген ақ халаттыларды құттықтаймыз. Олар тіс дәрігері Айтеков Асылбек Жапсарбайұлы, бөлім бастығы Вебер Ирина Викторқызы, фельдшерлер Тухватуллина Иркя, Мусаев Жарылқасын, Манасова Қалдыкүл, Жалмағанбетов Мейірбек және Құлмырзаев Дастан. Бұл кәсіби мереке ертеден бері тойланып келеді, себебі әлемде ақ халаттыларға, дәрігерлерге, медбикелерге көмек сұрап бармаған адам кемде-кем шығар. Ақ халаттылардың еңбегі маңызды және әрқашан қажет. Тіпті аса қатерлі ауруларды жазу, екінші рет дүниеге келу деп қабылдауға болады. Кейбір жағдайларда әсіресе дәрігерлер адамның өмірі мен өлімі арасындағы арашашы болып табылады. Сондықтан да 19-шы маусым медицина қызметкерлері мерекесі деп атап өтіледі. Олар күні бүгінге дейін халық денсаулығын сақтауға және күшейтуге өз үлестерін қосуда. Зауыт медиктері еңбегімен көзге көрініп, арамызда еңбек жасап жүргендеріне зауыттықтар дән риза. Тәулік бойына еңбектенетін фельдшер қыздарымыздың еңбегі өз алдына айрықша, олар ине салу, физикалық ем қондыруды шебер меңгерген. Фельдшер қызметкерлерінің құқығы врачтармен пара-пар. Фельдшер маманы жазатайым оқиға сәттерінде алғашқы көмекті шапшаң көрсетіп, оның нендей күйде екеніне өз бетінше диагноз, яғни анықтама бере алады. Міне, бұл олардың дәрігерлік білімділіктерін көрсетеді. 1967 жылы бұрынғы атауы Жамбыл қаласында туған бүгінгі дәрігер фельдшер Жетпісбаева Айгүл Қайырлақызының көп жылдық еңбек өтілін айтар едік. Мектепті өте жақсы аяқтап, медициналық училищеге оқуға тапсырған. 1987 жылы оқуды аяқтаған күннен бастап фельдшерлік жұмысқа араласады. Алғашқы жұмыс жасауы жансақтау бөлімінде басталған. Ауруханалық жансақтау жұмысына қарағанда өндірістік медицинаға қызыққан Айгүл жұмысты өзгертуге бел буады. Осылайша 1988 жылы сол кезеңдегі алып зауытқа жұмысқа орналасады. Негізінде жақсы оқыған жас мамандарды сол кездегі алып зауытқа жұмысқа шақыратын болған еді. Айгүлдің отбасында бір қыз, бір ұлы бар. Бүгінде Айгүл бал тілді екі немеренің апасы. Ұл-қызына және немерелеріне тәрбие берудегі Айгүл жұмысында тиянақты жан. Ол медицина қызметкері жедел медициналық көмекті теориялық білімімен және тәжірибелік өтілі арқылы көрсете білуде . Әрбір дәрі-дәрмектің атын сонымен бірге қандай ауруға арналғандығын айтқызбай біледі. Сондықтан болар жұмыстан өзге уақытта дәріханада жұмыс жасайды. Айгүлдің біліктілігі сол провизорлық анықтамаға ие. Ол дегеніміз, фармацептік сапалы дәрі негізінде жұмыс жасайды дегенді танытады. Зауытта жедел жәрдем бөлімшесі тәулік бойы жұмыс жүргізеді. Айгүлдің шұғыл кезде көмекті жылдам әрі ұстамды көрсететіндігіне көз жетуде. Төтенше жағдайда да қызметі жоғары. Зауыт жұмысшыларына ине салу кезеңіне де бірдей үлгере біледі. Алғашқы көмек көрсетіп және қажет жағдайда науқасты ауруханаға жатқызатын да осы фельдшерлік мамандағылар. Түрлі оқыс жағдайлар Айгүлдің сөткелік жұмыс барысында талай рет болғанды. Жедел жәрдем көлігінде казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді. Тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетуде Айгүл көп жылдан бері еңбек етуде. Фельдшер маманды әмбебап маман десе де болады. Ол дәрігер тағайындаған ем-домды орындап, екпе жасайды. Фельдшер маман үшін ең бастысы, пациенттің өмірі мен денсаулығы. Айгүл тез әрі жылдам шешім қабылдауда тәжірибелі маман. Әдепті, жылы шырайлы, көпшіл, қарапайым да әдемі келіншек. Бүгінде дәрігерлік бөлімше жөнделген барлық бөлмелерді аралап көріп шыққан да боларсыздар. Бөлмелер жарық, тап-таза жаңаша жиһаздармен жаңаланған. Уқалау бөлмесі, байлап-таңу бөлмесі, физикалық емдеу бөлмесі, тіс емдеу бөлмесі, алғашқы қабылдау фельдшер бөлмесі, барлық дәрігерлік құрал-саймандарды кварцтау бөлмесі жекешеленген. Әрине бұған зауыт басшылығының үлкен жауапкершілігін, жұмысшы қауымның денсаулығына зор мән қоятындығы. Ақ халатты абзал жандардың айтатын ұлы сөздері «аурып ем іздегенше, ауырмаудың жолын білейік» дейді. Осылайша адам жанына жанашыр кісілермен жолығып, олардың еңбегіне тәнті боласыз. Кемедегінің жаны бір демекші, дәрігерлік бөлім қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.

Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймы
з! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз!

ІНЖУ РҮСТЕМ