Басты бетке

Біз туралы

«Қазфосфат» ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды.

Бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның іс-қаракеттері оның Тараз қаласындағы офисі арқылы басқарылады.

«Қазфосфат» ЖШС—фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді өз меншігіндегі Теміржол-көлік кешені күшімен жеткеруге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компания.

Компания қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару.

«Қазфосфат» ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар:

  • Жаңа Жамбыл фосфор зауыты;
  • Минералды тыңайтқыштар зауыты;
  • «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені;
  • «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені;
  • Теміржол-көлік кешені;
  • Степногор «Химиялық зауыты».
  • Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты;

«Қазфосфат» ЖШС, шынтуайттығына келгенде, ТМД елдері арасында фос-форлы өнімдер өндіретін жетекші компания ретінде Қазақстан Республикасының фосфор өндіруші өнеркәсібі болып табылады.

«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады.

Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өзекті міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.