Астанада Қазақстанның ірі компанияларының баспасөз хатшылары мен PR-мамандары тәжірибе алмасып, корпоративтік коммуникациялар саласындағы заманауи тәсілдерді талқылады. Кәсіби семинарға «Казфосфат» ЖШС ресми өкілі де қатысты.
Шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты - бизнестің қоғаммен байланысында тиімді және бірыңғай тәсілдерді әзірлеу.
Семинар барысында спикерлер:
🔹 өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұртшылықпен ашық диалог құруын;
🔹 ақпараттық сұрауларға жедел жауап беруді;
🔹 БАҚ-пен тиімді байланыс орнатудың тәсілдерін айтты.
Коммуникацияның тиімді құралдары ретінде баспасөз турлары, қоғамдық тыңдаулар мен ашық есік күндері екені атап өтілді.
Бұған дейін, 2025 жылдың желтоқсанында «Казфосфат» ЖШС ҚР ӨЖҚМ-мен бірлесіп республикалық және өңірлік БАҚ үшін баспасөз конференциясын өткізді. Журналистер МТЗ-ның өндірісімен және Жаңатас қаласында жылдық қуаты 1 млн тонна тыңайтқыш өндіретін химиялық кешен жоспарымен танысқан еді.
Компания БАҚ-пен және жұртшылықпен ашық өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін жалғастырады.
