Біздің филиалдар
"Қаратау" тау-кен өңдеу кешені

"Қаратау" тау-кен өңдеу кешені

"Казфосфат" ЖШС филиалы "Қаратау ТКӨК" фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен комбинаты болып табылады.

Фосфориттерді өндіру Көк-жон және Жаңатас кен орындарында жүзеге асырылады.

Қаратау бассейніндегі фосфор-шикізат базасының негізгі артықшылықтары:        

- негізінен бірқатар ірі, жүздеген миллион тонна кен, кен орындарына шоғырланған орасан зор қорлар. Геологиялық қорлардың көлемі: 1.41 млрд тонна фосфорит кені;

- бастапқы кендегі Р₂О₅ пайдалы компоненттің салыстырмалы түрде жоғары (21-25%) концентрациясы;

- өнеркәсіптік игерілген және жайластырылған өңірде, Қазақстанның негізгі мақта және қызылша егетін аудандарына және фосфор тыңайтқыштарының ірі тұтынушылары болып табылатын Орталық Азия елдеріне тікелей жақын жерде аумақтық орналастыру.

Шығарылатын өнім:

- экстракцияға арналған ұсақ ұнтақталған (фосұнтағы) фосфат шикізаты (MAP, DAP алуға арналған шикізат).

Бұдан басқа, Тоғызбай және Дөңгелек кен орындарында әрлеу жұмыстары үшін блокты тас өндіру жұмыстары жүзеге асырылады.

Ералиев Әділхан Шынайдарұлы

Ералиев Әділхан Шынайдарұлы

«Казфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» ТКӨК директоры