Теміржол-көлік кешені
1974 жылы наурызда Химия өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Жамбыл химия зауыттарының көлік цехтары базасында Жамбыл облысының химия зауыттарының жүктерін тасымалдауды қамтамасыз ететін Жамбыл өнеркәсіптік темір жол көлігі кәсіпорны (ЖӨТКК) құрылды.
1992 жылдың 30 қыркүйегінде Жамбыл өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорны жекешелендіріліп, осы кәсіпорын негізінде «Промтранс»ашық акционерлік қоғамы ұйымдастырылды.
1997 жылғы 1 қазанда кәсіпорын «Қазфосфор» - «Химтранс» ААҚ филиалы болып қайта құрылды.
1998 жылғы 1 шілде мен 2000 жылғы 31 желтоқсан аралығында – «Тексуна Кемиклз Инк» ЖШС «Теміржол-көлік кешені».
2001 жылғы 1 қаңтар – «Казфосфат» ЖШС «Теміржол-көлік кешені» филиалы.
2001 жылғы 1 қаңтар – «Казфосфат» ЖШС «Теміржол-көлік кешені» филиалы.
- «Казфосфат» ЖШС кірме жолдары бойынша жүктерді тасымалдау;
- Жүктерді тасымалдау үшін филиалдың меншік цистерналарын беру;
- Тиеу және түсіру үшін мамандандырылған механикаландыру құралдарын ұсыну.
Темір жолдардың жалпы ұзындығы – 131,038 км.
- Филиалдың «ҚТЖ ҰК» АҚ станцияларына жанасуымен өзіндік станциялық дамуы бар.
- Кешен құрамына ТЭМ және 2ТЭ10 типті 21 локомотив кіреді.
- Жалпы, вагон паркі 1004 бірліктен тұрады.
Бүгінгі таңда ТКК - бұл жабдықтың қуатты әлеуеті және тұрақты жұмыс істейтін ұжым бар қазіргі заманғы көлік ұйымы, мұнда көп уақытты қажет ететін процестер механикаландырылған және автоматтандырылған.