Минералды тыңайтқыштар зауыты
Тараз қаласындағы "Казфосфат" ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, азықтық фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.
Зауыт 449,2 га жерді алып жатыр. Оның құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
-
фосфорлы-азотты тыңайтқыштар - аммофос өндірісі (ди-және моноаммонийфосфат қоспасы) 46% Р2О5, 10% N;
-
қарапайым суперфосфат өндірісі 19% Р2О5;
-
сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;
- нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;
- Азықтық кальцийнатрийфосфат өндірісі 41% P2О5;
Шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі ішкі нарықта сатылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауылшаруашылығы өндірісшілерін тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін оны қаражаттандырудың мемлекеттік Бағдарламасы жұмыс істеуде. Сонымен қатар тыңайтқыштар Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан нарықтарында сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария фосфорлы тыңайтқыштар нарығын игеру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.