«Казфосфат» ЖШС компаниясы HUMANRISE 2026 сыйлығының «Оқыту және дамыту» номинациясында І орынға ие болды!
HUMANRISE – Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі жетекші жұмыс берушілерді, HR-сарапшыларды және бизнес көшбасшыларын біріктірген ауқымды алаң. Биылғы байқауға 25 үздік жоба ұсынылып, шараға 200-ге жуық компания өкілдері мен сала мамандары қатысты.
Казфосфат ЖШС ұсынған «Инженерлік болашақ экожүйесі: мектеп партасынан өндірістік цехқа дейін» жобасы жеңімпаз атанды.
Бұл бастама жас мамандарды ерте кезеңнен дайындауға, химия саласына қызығушылықты арттыруға және өндіріс үшін білікті инженерлердің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл марапат – қызметкерлеріміздің, серіктестеріміздің және білім беру ұйымдарымен бірлескен еңбектің нәтижесі. Біз өндірістің болашағы адамдардың дамуына, сапалы білімге және кәсіби өсуге салынған инвестициядан басталатынына сенеміз.
Бізге сенім артқан сарапшылар алқасына, HUMANRISE ұйымдастырушыларына және жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Алда жаңа жобалар, биік мақсаттар және жаңа жетістіктер күтіп тұр!
