Новости

ЖАЛЫНДАҒАН «ЖАЛЫН» КОМАНДАСЫ!

Спорт

Ассалаумағалейкум, спортсүйер әріптестер, өткен демалысымызда спорткешенімізде 50 жастан жоғары әуесқой футбол клубтары арасындағы кіші-футболдан «Қазфосфат» компаниясының Кубогінің жарыстары өтті. 12 –ші желтоқсан күнінен 18-ші ақпан айының күніне дейін өткен жарыстар аяқталды.

Жарыстың қорытындысын айтар алдында, «Жалын» командасының жігіттері жарады. Біз, Утельбаев Габдул, Момбеков Әшір және мен Айдаров Кенжалы сол 1989 жылдан бері осы «Жалын» әр цехтан құралған құрамандасында ойнап келеміз. Осы жетістіктеріміз жастардың арқасында деп айтуға болады, жұмыстан кейін спорткешенімізде жаттығу барысында солардан қалыспай текетіресіп жаттығып жүреміз.

Ал марапаттау рәсіміне келетін болсақ Өзенбаев Лесбек «Жамбыл», Абсалиев Женіс «Динамо», Серікбаев Жүніс «КТЛ», Утельбаев Габдулла «Жалын», Көпбаев Төрехан «Тастөбе», Камбаров Айдын «Бесағаш», әр командаларының жасы үлкендер және Тараз қалалық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының басшысы Абай Арманұлы Кубеев мырзалар сөз сөйлеп алғыстарын білдіріп жатты. Жүлдеге ілінбей қалған командаларға марапаттау музыкасымен сүйемелдеп Кубок пен дипломдар табыстап, бір біріне алғыс айтты. Осы турнирде төрелік еткен «Казфосфат» футбол клубының ойыншыларын құрметтеп жалғастарын тауып жатты.

Үздік ойыншылар атанғандар

Үздік қорғаушы - Төрехан Көпбаев, «Тастөбе» командасының ойыншысы,

Үздік қақпашы - Спандияр Мырзахметов, «Бесагаш» командасының ойыншысы,

Турнирдің Сұрмергені - Құрал Найзабеков, «Динамо» командасының ойыншысы,

Турнирдің Үздік ойыншысы – Габдулла Утельбаев, «Жалын» командасының ойыншысы.

Жеңімпаздар

1 орын иеленген - «Жамбыл» командасы

2 орын иеленген - «Динамо» командасы

3 орын иеленген - «Жалын» командасы, ЖЖФЗ зауытының жұмыскерлері, команда капитаны Утельбаев Габдул, 2-ші цех, ойыншылар Момбеков Ашир, зауыттың жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі орынбасары, Сарсенбаев Мухтар, Тоқпанов Қанат 1-ші цех, Дузеев Айболат 5-ші цех, Жылқыбаев Кайрат 7-ші цех, Есенов Ерлан 30-шы цех, Дмитриев Анатолий -ЖТК, Нурбаев Рахат 6-шы цех, Алашбаев Ныгмет, Джумабаев Мурат, Отаркөзов Спартак, Саккулов Аскербек, Тилеубаев Жомарт және Айдаров Кенжалы «Казфосфат»

компаниясының спорт әдіскері.

Осы жарыстар жалғасын табады деген тілекпен ойыншылар «Қазфосфат» компаниясының басшыларына алғыс сөздерін айтып жатты.

Барлықтарыңызға денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін.

КЕНЖАЛЫ АЙДАРОВ