Басты бетке

Компанияның тарихы

«Казфосфат» ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды.

Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның операциялық қызметтері оның Тараз қаласындағы кеңсесі арқылы басқарылады.

«Казфосфат» ЖШС—фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді өз меншігіндегі Теміржол-көлік кешені күшімен жеткеруге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компания.

«Казфосфат» ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар:

  • Жаңа Жамбыл фосфор зауыты;
  • Минералды тыңайтқыштар зауыты;
  • «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені;
  • «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені;
  • Теміржол-көлік кешені;
  • Степногорск «Химиялық зауыты»;
  • Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты.

«Казфосфат» ЖШС өз жұмысын минералды тыңайтқыштарды, сары фосфор мен оның туынды өнімдерін өткізу нарығын қайта қалпына келтіруден бастады.
Нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеу сары фосфорды одан әрі тереңде-тіп өңдеуді, азықтық ортофосфор қышқылы, азықтық натрий үшполифосфаты, баяу гидратталушы натрий үшполифосфаты сияқты жаңа өнім түрлерін шығаруды, күшәні азайтылған фосфор және минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттардың жаңа түрлерін: Р₂0₅-сі 19% суперфосфатты, Р₂0₅-сі 22% нитроаммофосты, Р₂0₅-сі 37% үшкальцийфосфатын өнді-руді қажет етті.

«Казфосфат» ЖШС өндіріс ауқымын ұлғайтып, өткізу нарығын кеңейтуге, сөйтіп түрлі тұтынушылық қасиеттері бар өнімдермен кәсіпорындар сұранысын қанағаттандырып отыру үшін негізгі жұмыстарымен бірге өндіріс процестерін жетілдіретін өндірістік қуаттарды қайта құрып, жаңғырту саласында да үлкен жұмыстар атқаруда.
Тек бір 2003—2004 жылдар аралығында кәсіпорын мамандары күшімен аммон-дандырылған суперфосфат, нитроаммофос, гидратталған үшполифосфат, фосфор қышқы-лы және азықтық сапасы бар үшполифосфат тәрізді жаңа өнім түрлері жасалып, өнді-ріске енгізілді.
Еңбек өнімділігін арттырып, майда тартылған фосфат шикізатының сапасын жақ-сарту, қуат шығындарын төмендету мақсатында Ø 4,5 х15 метрлік руда тартатын түтікті диірмендерге қуат күші 2250 кВт жаңа электроқозғалтқыштар орнатылды. Нәтижесінде диірмендердің жұмыс өнімділігі 1,2 есеге артты.

ЖЖФЗ филиалында шығарылатын 1 және 2 сұрыпты фосфор қышқылдары мен жоғары және бірінші сұрыпты натрий үшполифосфаттары сары фосфорды ұқсату бары-сында туындайтын өнімдер. Ортофосфор қышқылын филиалда қолдану мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ оны өткеру рыногын кеңейту мақсатында «Казфосфат» МЕМСТ көр-сеткіштеріне түгелдей сай келетін «А» маркалы азықтық фосфор қышқылы мен одан алынатын тағамдық натрий үшполифосфатын шығаратын қосарланған тұз бөлімшесі құрылымын қайта құрудан өткізіп, жаңғыртты.

Натрий үшполифосфатының өткізу нарығындағы бәсекелік қабілетін көтеру үшін тек ғана белгіленген сапа көрсеткіштері бойынша шығарылатын гидратталатын үшполифосфат өндіру технологиясы жасалды. Бұл үшін екі турбокальцинатордың те-мірлері тотықпайтын болатпен алмастырылды.
Фосфоритті агломерат шығаруда жаһандық іс-тәжірибеде бірінші рет АКМ-312 агломерация машинасының көрік бауы қайта құрудан өткізілді. Қайта жаңғырту нәти-жесінде еңбек өнімділігі 5—8% артып, қуат ресурстарына (электр энергиясына, табиғи газға, тығыздалған ауаға), кокс пен фосфорит ұнтақтарына кететін шығын мөлшері азайды.
Бұрын құрамында 40—50% фосфоры бар шламдық қалдықтарды фосфор қышқылы шламын алу үшін циклондық қондырғыларда жағатын едік. Ал қазір шлам-дық қалдықтар зауыт мамандары жасап, іске қосқан жүйе бойынша рудотермиялық пештердің өзінде өңделеді.

Пеш газын өндірісте қолдану үшін оның құрамындағы фосфор мөлшерін азайту қажет. Бұған суды 2-«суық» конденсациялау сатысында 20—30°С температураға дейін салқындату арқылы қол жеткізуге болады. Қазір конденсациялық суды салқындату үшін оны пеш цехының жылуалмастырғыштарында қайырма судың таза циклы арқылы сал-қындату жүйесі қолға алынған. Ол үшін СК-400 градирналарында әсіресе жазғы мез-гілдерде қайырма суды жеткілікті түрде салқындата алмайтын, істен шыққан тамшылы-плёнкалы ағаш тозаңдаттырғыштардың орнына кең өңешті тозаңдатқыш шүмектер, заман талабынан шығатын желдеткіш құрал-жабдықтар, полимерлі тозаңдатқыштар мен тамшышашыратқыштар орнатылған. Конденсациялық суды салқындату жүйесін енгізу арқылы шламмен бірге жоғалтатын фосфор көлемі азайтылды, сондай-ақ сары фос-фордың ендігі жерде ауаға аз бөлінуіне орай айтарлықтай экологиялық нәтижеге қол жетті.

Әсіресе рудотермиялық пештердің фурмалары мен дюздерін салқындататын жүйе-лер торабын қайта құру үлкен нәтижеге жеткізді. Аталмыш шараларды енгізу қож жү-ретін астаулы-жолдардың кірпішті қорғау қабаттарының жарамдылық мерзімін ұзар-туға, сөйтіп пештерді жөндеуге кететін уақыт аралығын 5—6 айдан 8—9 айға дейін созуға мүмкіндік берді. Осыған байланысты пештердің тоқтап тұратын уақыты ай-тарлықтай азайды. Сары фосфорды өндіру технологиясында пеш электродтарының бірқалыпты жұмыс істеуі маңызды роль атқарады. Филиалда электродтар құрылымын өзгертуге қатысты жүргізілген жұмыстар олардың морт сынуын азайтып, осыған бай-ланысты пештерде орын алатын апатты жағдайлар санын кемітті.

Коксты кептіргіш барабандарда кептіру кезінде оның үйкелінуіне байланысты үлкен мөлшерде ұнтақтар пайда болады. Сөйтіп олар газдарға қосылып, ауаға бөлінеді. Осыған орай анағұрлым үнемшіл, электр қуатын аз пайдаланатын, ауаға да заттектерін айтарлықтай аз бөлетін ФС пештерін іске қосатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіл-ді.
«Казфосфат» ЖШС «Минералдық тыңайтқыштар» филиалында өткен 10 жылғы еңбек барысында өндіріс қуаттарын кеңейтуге және жоғарғы сапамен шығатын өнім түр-лерін көбейтуге, қалдығы аз өндіріс орындарын құруға, өндіріс қалдықтарын өңдеуге ба-ғытталған біраз жұмыстар атқарылды.
КВФ-50 маркалы қос айналма білікті сүзгі орнату арқылы экстрациялық фосфор қышқылын шығаратын бөлімше құрылымы қайта құрылды. Нәтижесінде өндіріс қуаты 30% артты. Экстрациялық фосфор қышқылын шығаратын өндіріс өнімін фосфогипстен құрғақ күйінде арылта алатын түрге ауыстырылды. Бұл бөлінетін фосфогипс қалдықтары мөлшерін 30 кг азайтты.

Суды тұндырмай пайдаланатын жүйе жұмысы іске қосылмақ. Бұл алдағы уақытта шламжинағыштар қолдануды жоймақ.
Аммоний сульфатын алудың, баяу әрекет етуші тыңайтқыштар түрін шығарудың қолдағы бар құрал-жабдықтарға оңтайланған технологиясы жасалған.
Экстрациялық фосфор қышқылын тазартуға қатысты зерттеу жұмыстары жүргі-зілуде. Мақсат—соның негізінде сіңімді заттары мол тыңайтқыштар алу.
Қоюланбайтын қойыртпақтан суперфосфат алудың әзірге теңдесі жоқ техно-логиясы жасалып, игеріліп, іске қосылған. Бұл суперфосфатты әдеттегі классикалық жолмен алу кезінде болып тұратын зиянды заттардың ауаға бейберекет бөлінуін тоқтату-ға мүмкіндік берді.

«Казфосфат» ЖШС сонымен қатар келесі ғылыми-зерттеу институттарымен ке-лісім-шарт жасап, қолға алған жұмыстарын тамамдады:

  1. Тақырыбы: Пеш газдарын пайдалана отырып (ЖЖФЗ), сары фосфор алу үшін фосфоритті агломерат өндірудің № 3 тұрақты технологиялық регламентіне өзгерістер ен-гізу. Жобалаушы—« ЛЕННИИГИПРОХИМ» ЖШҚ, Москва қ. (Ресей) Пеш газдарын пайдалана отырып, сары фосфор алу үшін фосфоритті агломерат өндіретін цех регламентіне өзгерістер енгізілді.

  2. Тақырыбы: Қаратау алабындағы Көксу кен орнынан алынатын фосфорит руда-сын байытудың ұтымды технологиясы жасалды. Жобалаушы—« ГИГХС» ФМУК, Либерцы қ. (Ресей) Қаратау алабындағы Көксу кен орнынан алынатын фосфорит рудасын байыту технологиясы жасалды. Нәтижесінде Р₂0₅-сі 30% , Мg-і 1% 9 кг флотоконцентрат алын-ды. Соның негізінде зертхана жағдайында ЭФҚ мен пайдалы бөліктерінің қосындысы 59% болатын аммофос алынды.

  3. Тақырыбы: Арнайы өнімдер үшін «Казфосфат» ЖШС филиалында алынатын котрельді сүтті қайта өңдеу технологиясы жасалды.
    Жобалаушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім Коми-теті ПХВ РГП-ның «Жер, металлургия және байыту жөніндегі ғылми орталығының еншілес кәсіпорны «А.Бектуров атындағы химия институты». «А.Бектуров атындағы химия институты» ғалымдарымен қосыла отырып, «Қаз-фосфат» ЖШС филиалында алынатын котрельді сүтті қайта өңдеу технологиясын жасау жұмыстары аяқталды. Өнеркәсіптік жағдайда бояғыш зат - көк пигмент алынды. Қазір котрельді сүттің сілтілі сұйықтығынан ылғалды тұнбалар алу жұмысы бойынша институтпен әрі қарай да бірлесе қызмет ету мәселесі қарастырылуда.

  4. Тақырыбы: Сүзу өнімділігіне, қатқыл фазаның сүзгіш кенебінен өту барысына, тұнба ылғалдылығына және қолайлы сүзгіш кенебі мен құрал-жабдықтарын таңдауға қатысты тәжірибелік-зертхана жұмыстарын жүргізу.
    Жобалаушы - «Прогресс зауытының сауда үйі» ЖШҚ, Киев қ. (Украина).
    Сүзу өнімділігін арттыру, фосфор қышқылын қоспалардан тазартуға қатысты тәжірибелік-зертхана жұмыстары жүргізілді және тағамдық қышқылдар өндірісіне сүзгіш құрал-жабдықтар таңдап алынды. Қазір құрал-жабдықтар алу мәселесі қарастырылуда.

  5. Тақырыбы: Фосфогипс қосу арқылы жердің жыртпалы сортаңдау қабаттары- ның құнарлылығын арттыру технологиясын енгізу. Жобалаушы - «ҚазАгроИнновация» АҚ, Тараз қ. (Қазақстан Республикасы). Қазақ ғылыми-зерттеу институты су шаруашылығы («ҚазАгроИнновация» АҚ) мамандарымен бірлесе отырып, фосфогипс қосу арқылы жердің жыртпалы сортаңдау қабаттарының құнарлылығын арттыру технологиясы енгізілді. Фосфогипс қосудың жетілдірілген технологиясы Жамбыл облысы Жамбыл ауда-нына қарасты Ш.Д. Дәуітовтың шаруашылық қожалығындағы жыртпалы алқапқа енгі-зілді. Зерттеу нәтижелері фосфогипс қосылған жағдайда жүгері шығымдылығы 20 - 30 ц/га-ға артқандығын көрсетті. Үнемді суғару, жер өнімділігі мен жүгері шығымдылығын арттыру жөнінде ұсы-ныстар берілді.

  6. Тақырыбы: Желдету барысында бөлінетін заттектерін өнеркәсіптік шаң-тозаң мен қоспалардан тазарту үшін қарсы құйынды ағымы (ҚҚА) бар ұйтқыма шаңтұтқыштар-ды жобалап, жасау. Жобалаушы - Тараз кәсіби гуманитарлық-техникалық «Білім» колледжі, Тараз қ. (Қазақстан Республикасы). Аммофос өндірісіне ауаға бөлінетін заттектерін өнеркәсіптік шаң-тозаң мен қос-палардан тазарту үшін қарсы құйынды ағымы (ҚҚА) бар ұйтқыма шаңтұтқыштар ор-натылды. Нәтижесінде жұмыс зонасы мен қоршаған орта аумағына заттектердің бөлінуі азайды.