Жоғары сапалы өнім, жұмыс барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтау, жайлы коршаған орта - Компания озық басшы ретінде « Қазфосфат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің нарықта өз позициясын сақтау және өркендету стратегиялық мақсаты болып табылады.
Сапа, жайлы қоршаған орта, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы саясатын жүзеге асыру үшін « Қазфосфат» ЖШС өзіне келесі міндеттерді алады:
- ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты, сары фосфор, термиялық фосфор қышқылы, натрий триполифосфаты, минералды тыңайтқыштар, жемдік фосфаттар, сульфокөмірдің сапа талаптарын орындау арқылы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру;
- компанияның жұмысына қатысты заңдар мен басқада нормативтік актілердің талаптарын орындау;
- еңбекті қорғау және жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің төмендеуі, Компания және мердігерлік мекемелердің қызметкерлерінің денсаулықтарына зиян және қауіп туғызуы мүмкіндіктерін болғызбау;
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, ауа бассейнінің ластануына, су және жер ресурстарының азаюы мен ластануына әкеп соғатын, қоршаған ортаға әсерді болдырмау;
- қоршаған ортаны қадағалау жүйесін жақсарту;
- сапа, жайлы қоршаған орта, еңбекті қорғау, қауіпсіздік жүйелерінің талаптарға сәйкестігін бағалау мен жұмыс нәтижелерін үздіксіз жақсарту үшін және жүйелердің тұрақтылығын үнемі қамтамасыз ету мақсатымен Бас басқарманың талдауын өткізу;
- менеджмент жүйесінде нәтижелікті үнемі жоғарлату.
«Казфосфат» ЖШС және мердігерлік мекемелердің қызметкерлері өздерінің міндеттерін осы Саясатқа сәйкес орындауларына жауапкершілік алады.
Біріккен басқару жүйелерін енгізу, оны жұмыс жағдайында қолдануға алуы, ISO 9001:2008, OНSAS 18001:2007, ISO 14001:2004, SA 8000:2001 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және олардың үздіксіз жақсарту - стратегиялық.
Мақсаттарды жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Сапа, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және жайлы қоршаған орта саласындағы мақсаттар мен мәселелерді орындау - «Қазфосфат» ЖШС Бас басқармасының жауапкершілігі болып табылады.