Басты бетке

Оқыту-әдістемелік жұмыстары

«Қазфосфат» ЖШС өзінің экономикалық қызметін 2000 жылдан бері атқарып келе жатқан ірі өнеркәсіп компаниясы. Компанияның алдындағы өзекті мәселе‒химия өнеркәсібінің өндірісі мен сапасын жоғарғы деңгейге көтеру. Бұл жұмыскерлер мен мамандардан сапалы дайындық деңгейін қажет етеді. Өйткені кәсіби, техникалық тұрғыдан сауатты мамандарды дайындау эономикалық дамудың тиімділігі жоғары инновациялық үлгісіне көшудегі маңызды фактордың бірі.

Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім алу» туралы Заңына «Кәсіби білім алу саласындағы әлеуметтік серіктестік» атты жаңа 45-1 бабы енгізілді. Онда жұмыс берушінің мамандар дайындауға, түлектердің кәсіби дайындығын бағалауға қатысуы, олардың кәсіби тәжірибе алып, жұмыспен қамтамасыз етілуін ұйымдастыруы, оқу мекемелерін дамыту істеріне атсалысуы туралы, сондай-ақ жұмыс берушіні мамандарды өндірісте оқытып, үйрету ісіне тарту жөніндегі мәселелер қамтылған.


«Қазфосфат» ЖШС-нің Оқыту-әдістемелік орталығы 2006 жылдан бері істеп ке-леді. Құрамына филиалдардың техникалық оқыту қызметтерін біріктірген. Бұл орталық :

  • Жаңа жұмысшыларды дайындау;
  • Персоналдарды қайта оқыту;
  • Екінші және қосалқы мамандықтар алуға оқыту;
  • Жұмысшылар біліктілігін көтеру;
  • Жұмысшыларды арнайы курстарда оқыту;
  • Өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту;
  • Қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту;
  • Мамандар біліктілігін бөгде оқу орталықтарында көтеру;
  • Филиал жұмыскерлерін қажетті мамандықтар бойынша орта және жоғарғы оқу орындарымен келісім-шарттар жасап, «Қазфосфат» ЖШС есебінен оқыту жұмыстарымен айналысады.

Филиалдардың техникалық оқыту қызметтері оқу орындарынан келетін дәріскерлер мен кәсіби лицей оқушыларының өндірістік тәжірибелерін ұйымдастырумен де айналысады.
Өзімізде білікті мамандардың болуын қалағандықтан 2009—2012 жылдар аралығында № 6 кәсіби лицейі (қазір №6 Әулиеата колледжі), «Қаратау» ТКӨК № 5 кәсіби лицейі, «Шолақтау» ТКӨК № 2 кәсіби лицейі базаларының негізінде өз жұмыскерлерімізді: химия өндірістерінің аппаратшылары, газэлектрдәнекерлеушілері, электршіұсталары, химиялық сараптама зертханашылары мамандықтары бойынша дайындап, оқытуды ұйымдастырдық. Нәтижесінде 2227 адам кәсіби білімі жөнінде мемлекеттік үлгідегі дипломдар алды.

Оқыту тек кәсіби лицей оқытушылары күшімен ғана емес, өз филиалдарымыздың білікті мамандарының қатысуымен де өндірістен қолүздірбей жүргізілді. Ол теориялық негіздер енгізілген, әрбір мамандық бойынша еңбек дағдыларын тереңірек қалыптастыруға бағытталған, екі жақ қосылып жасаған оқыту бағдарламасы бойынша өтті. Білікті мамандар дайындауда «Қазфосфат» ЖШС мен оқу орындарының арасында тығыз ынтымақтастық орнады.Жұмысшы кадрларын дайындау «Қазфосфат» ЖШС-не қажет мамандықтар бойынша жүргізіледі. Жұмыскерлерімізді түрлі техникалық: техник, инженер-технолог, механик, энергетик мамандықтары бойынша сырттай оқыту жөнінде политехникалық колледж, ТарМУ, ОҚМУ, ТарТИ, ТГТК, ЖСАК, ҚЖБҚУ-мен келісім-шарттар жасалып, дәріскерлер сапалы білім алулары үшін (163 жұмыскер жоғарғы оқу орындары мен колледждерді бітірсе, 115 жұмыскер әлі оқып жүр) барлық жағдайлар жасалуда.

«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл политехникалық колледжімен қосыла отырып: «Өнеркәсіп машиналары мен құрал-жабдықтарын пайдалану», «Өнеркәсіпте қолданылатын механи-калық өңдеу, бақылап-өлшеу аспаптары мен автоматика» мамандықтары бойынша жалпыға бірдей міндетті екі мемлекеттік білім беру стандарттары, сондай-ақ отыз төрт (34) типтік және екі (2) интегралданған білім беру бағдармаларын жасап шықты.

«Қазфосфат» ЖШС мен Жамбыл политехникалық колледжі 2011 жылы «Кәсіби бі-лім мен бизнес: Серіктестер диалогы» деген тақырыппен өткен үшінші халықаралық форумда техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі үздік әлеуметтік серіктестер деп танылып, Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дипломымен марапатталды.

Қазіргі кезде біздің компания № 6 Әулиеата колледжі, политехникалық колледжі оқушыларымен және жоғарғы оқу орны дәріскерлерімен жыл сайын өндірістік тәжірибелер өткізіп тұру үшін 16 келісім-шартқа қол қойып, оларды жүзеге асыруда. Біздің кәсіпорындарымызда 20800 дәріскер өндірістік тәжірибеден өтті. Өндірістік тәжірибеден өтуге келген оқушылар оқып-үйренулері үшін филиалдардың білікті мамандарына бекітіліп берілді. Бұл мамандарға тәлім беру келісім-шарты бойынша өндірістік тәжірибелерден кейін оқушылары филиалдардың біліктілікті санаттау комиссияларына емтихандарын табысты өткізіп жатса, жетекшілік еткендіктері үшін қосымша ақы төленеді.

Білім беру мекемелерінен келген оқытушылар мен өндірістік дайындықтан өткізуші мамандарымыз теориялық және өндірістік тәлім беру мәселелері бойынша басшылар мен цех бастықтары өткізетін жиналыстарға қатысып отырады.
«Қазфосфат» ЖШС-нің әрбір филиалында құрал-жабдықтармен, көрнекі оқу құралдарымен, өндірістік құрал-жабдықтар макетімен, компьютерлік техникамен жарақталған оқу базалары бар. Өндірістік тәжірибе жүргізу үшін өндірістік тәлім берер оқу бағдарламасы, оқушыларды түрлі мамандықтар бойынша сынақтайтын компьютерлік тестілер жасалған. Кәсіпорын мамандары дайындық сапасын қадағалайды, оқу мекемелері аттестациялық комиссияларының құрамына кіргізілген.
Өндірістік тәлім беруші жоғарғы оқу орындары мен колледж шеберлері сынақ ісін «Қазфосфат» ЖШС бөлімшелерінде өтеді. Мұнда олар:

  • кәсіби біліктілік деңгейлерін үнемі көтеріп отыруға;
  • оқушыларды анағұрлым сапалы және білікті дайындауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар, құрал-жабдықтармен танысады.

Жақсы кәсіби дайындықтан өткен оқушылар кәсіпорынға қызметке алынады. Мәселен, 2010—2012 жылдар аралығында 63 түлек жұмысқа орналасты.
«Қазфосфат» ЖШС зауыттары жоғарғы оқу орындары мен колледждерге материалдық-оқыту базаларын дамытулары үшін үлкен көмек көрсетуде, сондай-ақ оларға тұрақжай сияқты тұрмыстық және тағы да басқа осындай әлеуметтік мәселелерін шешіп алулары үшін жәрдем етуде. Сонымен, бізде кәсіпорын мен оқу орындарының ынтымақтастығын жарастырар жұмыстар жақсы жолға қойылған.
Қазір «Қазфосфат» ЖШС дамудың инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол бойынша өндіріс қайта құрылып жаңғыруда, кеңеюде және жаңалары соғылуда.
Кәсіби білім алуды бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай жетілдіру үшін Республикамызда істелініп жатқан шараларды қолдай отырып, біз іске білім алудың қосарланған үлгісін енгізіп отырмыз. Ол үшін:

  • жастарды химия өнеркәсібінде жұмыс істеуге дайындайтын кәсіби білім беретін оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеуді одан әрі жалғастыру;
  • өндірістік тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқу орындарына филиалдарда бар оқыту орталықтары мен зертханаларды пайдалануға беру;
  • соны ақпараттық интерактивті технологияларды пайдалана отырып, өндірістік тәлім беру сапасын көтере түсу үшін филиалдардағы оқыту орталықтарының материалдық-техникалық базасын күшейту керек.

Кәсіби-техникалық кадрлар дайындау ісін дамытудан үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Оның нәтижесінде бизнес, жастар мен мемлекет мүдделерінің тоғысуына әкелетін - үш жақты серіктесудің жаңа деңгейіне көтерілуге жол ашылмақ.